Бізде сіз тек отбасылық демалысты ғана емес, сонымен қатар Достық кештерді, корпоративті кештерді, спорттық іс-шараларды, үйлену тойларын, туған күндерді немесе кез-келген басқа іс-шараларды өткізе аласыз.
Бронь жасау үшін Kaspi 87774949716 Олжас Т. 20 000 теңге аванстық төлем жасап, жеке куәлігінің көшірмесін жіберу қажет, себебі бізде шекара аймағы бар және Өрелге кіре берісте бекет бар. Турдың басталуына 10 күн қалғанда тур сомасының 50%-ын төлеу керек. Турға қатыспаған жағдайда броньға төленген 20 000 теңге қайтарылмайды (бұл соманы үш ай ішінде басқа турға пайдаланасыз). Турға арналған бронь, турдың басталуына 7 күн қалғанда 10% айыппұл, 5 күн 20%, 3 күн 30% тур бағасының мөлшерінде айыппұл алынады.